Created: 14 Маусым 2021
19

Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры

Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының және М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және 4 маусым Қазақстан Республикасының рәміздер күніне орай «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты студенттер арасында өткен облыстық пікірсайыс турниріне қатысқан Арал көпсалалы колледжінің студенттері, колледждің Студенттік парламентінің мүшелері Ізбасаров Ерболсын Нұрсұлтанұлы мен Іскендіров Елдар Хұсайынұлы жүлделі ІІ орынды иеленді. Жүлдеге ие болған студенттерімізге М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің директоры Жақсыгүл Тоғанова Дипломдар мен кубокті және ұйымдастырушылар тағайындаған бағалы сыйлықтарды табыстады.

 

Ақпаратты дұрыс таңдап, сыни көзқарастарын үйлестіріп, сұрақ қойып, қойылған сұрақтарға нақты жауап беруде және командамен бірлесіп жұмыс жасауда шеберлік танытып, отызға жуық сөз шеберлері тартысқа түскен сайыскерлер арасынан озық шығып, колледжіміздің мерейін биіктетіп, ақылы мен парасаты, білімі мен шеберлігін танытқан жастардың болашақта да жоғары жетістіктерге жете беретініне үмітіміз мол.