Created: 27 Мамыр 2021
28

«Еліне еңбегі сіңген ел ардақтысы»

Арал көпсалалы колледжінде 22 мамыр күні бүкіл ғұмырының 40 жылдай уақытын халыққа білім беру саласына арнаған, «Ағарту саласының генералы» атанған қайраткер ғалым Әли Мүсілімұлының туғанына 80 жыл толуына орай өмірі мен қызметін таныстыратын «Өмір жолы өнегелі ұстаз» тақырыбында колледждің №1 оқу топ студенттері (оқу топ жетекшісі З. Тәжібаева, өндірістік оқыту шебері М. Аққожаеаев) мен колледждің Студенттік парламент мүшелерінің қатысуымен ZOOM арқылы онлайн форматта топ сағаты ұйымдастырылды. Сабақ барысында колледж директорының тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Б. Айділдаев Әли Мүсілімұлының өмір жолы мен қызмет барысында атқарған елеулі еңбектерін және білім беру саласына қосқан үлесі мен ғылыми мақалалары туралы айтып, таныстырды. Студенттер колледж оқытушысы Ғ. Жүсіпова дайындаған Қызылорда қаласындағы Әли Мүсілімов атындағы кітапхана - COWORKING орталығы жайлы видеороликті тамашалады. Сонымен қатар қатысушылар Ардақты ұстазымыздың ғылыми шығармашылығы, ғылыми атақтары мен марапаттары және Қызылорда қаласындағы Әли Мүсілімұлы атындағы №101 мектеп – лицейі туралы слайдтты көрді. Кездесу соңында қатысушылар өмір бойы үздіксіз білім алу қағидасын ұстанған ғалым ұстаз ағамызды болашақ ұрпаққа өнегелі өмір сүруді үйренетіндей із қалдырған тұлға ретінде қабылдайтындықтарын айтып, өз ой-пікірлерін білдірді. Жалпы 28 студентпен 5 педагог қызметкер қатысты.